Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Көп адам өзінің кәсіби мақсаты туралы ойланбай тұрып жұмыс іздей бастайды. Алайда жұмыс іздеуді бастамас бұрын, сіздің мансабыңызға қандай талап қойылатындығын анықтап алғаныңыз абзал. Бұл өзіңіздің мықты және әлсіз жақтарыңызға объективті түрде қарауды қажет етеді.

Мысалы, сіз өзіңізге ұйымдастырушылық, адам­­­дарды жұмылдыру секілді жұмыс қажет деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ мұны сіздің мықты тұсыңыз деп қабылдауға болмайды. Екіншіден, сіз үйрену жаңа қадамдар жасауға көмектесетінін ұмытпауыңыз керек. Сонымен қатар тағы бір ескеретін жайт — сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға жету үшін, сіздің қызығушылығыңызды қанағаттандырмайтын жұмыстарды орындауға қаншалықты дайын екеніңізді тексеріңіз. Өзіңіздің мінез-құлқыңызға баға бере отырып, қойылатын кәсіби талаптардың нақты жиынтығын жасап шығаруға тырысыңыз. Атап айтқанда, бірнеше маңызды сұрақтарға жа­уап беріңіз. Сіз қандай өмір сүргіңіз келеді? Мысалы, ауылда немесе қалада өмір сүргіңіз келе ме? Бос уақыт сізге қаншалықты керек? Сіз үшін жалақы маңызды ма? Сіз тұрақтылықты ұнатасыз ба әлде жаңашылдыққа жақынсыз ба? Қандай жұмыс жасағыңыз келеді? Мысалы, сіз жалғыз немесе ұжыммен жұмыс жасағанды ұнатуыңыз мүмкін. Міне, осы сұрақтарға жауап іздеудің маңызы зор. Өз талаптарыңызға сай мамандық таңдауда төменде көрсетілген басты тар­мақ­тарды негізге алуға тырысыңыз:

Ең алдымен, жұмыс жасау үлгісін бағалау қажет. Сіздің бойыңызда жеке жұмыс жасауға қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттер басымырақ па немесе сізге белгілі бір құрылыммен жүйеленген жұмыс ортасы мен қадағалаушы қажет пе? Сіздің жұмыс жасау үлгіңіз сізге жалғыз жұмыс істей алатыныңызды немесе ұжымның бір бөлігі бола алатындығыңызды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ өз талантыңызға сай мамандық таңдай біліңіз. Егер сіздің қандай да бір хоббиіңіз немесе қабілетіңіз болса, оны өз жұмысыңызбен байланыстыруға тырысыңыз. Сонда сізге жұмысыңыз нәтижелі және әрі жағымды болады.

Қаржылық мақсат қою да маңызды. Өзіңіздің қаржы­лық қажеттіліктеріңізді нақты анықтап, қар­жы­­лық мақсаттарыңызды қанағаттандыра алатын жұ­мысты таңдау ләзім. Сіз таңдаған мамандықты меңгеру, яғни оқу үшін қанша қаражат кететінін анықтау да маңызды. Шәкіртақы, байқау­лар мен олимпиадалар сынды мүмкіндіктерді қарас­тыру да ұтымды шешім қабыл­дау­ға көмектеседі.

Ең алдымен өзіңіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес маман­дықтар тізімін жасау керек. Кейін дайындаған тізімді барынша қысқарту керек. Сол кезде өз қалауыңыздың нақты қай мамандыққа сәй­кес келетінін анықтау жеңіл бола түседі. Ал дұрыс шешім қабылдау үшін ата-анамен кеңесіп алған да жөн.

Мансап жолындағы мақсат-міндет­терге шолу жасау керек. Десе де тек сол мақсаттармен шектелу­ге болмайды. Сіздің жұмыс жасау жоспарыңыз сізге жаңа нәрсені үйренуге, білуге септігін тигізуі қажет.


Нұршат КӨШЕРБАЕВА,
штаттан тыс тілші
Фото: infohub.kz

02 шілде 2024 ж. 185 0