Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы

Акцияға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Сейілхан Кеукенов, заңгер Қалдыгүл Назарова, адвокат Ғабит Сақтағанов және қор төрағасы Марат Омаров қатысып, аудан тұрғындарына кәсіби кеңес берді. Акцияға қатысушыларға ақпараттық үлестірме, әдістемелік нұсқаулық таратылды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, дамыған озық елдер қатарына кіруі үшін бүгінгі қоғамды, айналамызды парақорлардан, сыбайлас жемқорлықтан тазарту – біздің азаматтық парызымыз болып саналады. Сол себепті бұл мәселеге бір кісідей атсалысып, кемел келешегіміз бен болашағымыздың жарқын болуына жұмыла кірісейік, – деді облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов.