«Пробация қызметі есебіндегі» азаматтармен кездесу өтті
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация қызметі есебіндегі» азаматтарға түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.
Кездесуде қатысушыларға Қазақстан Республикасының конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демрокатиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.
Діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады. Қашанда азаматтардың қауіпсіздігіне аса мән беруіміз керек. Осы бағытта аудан тұрғындарына түсіндірме жұмысын жүргізе береміз. Жұмысты күшейтіп, көпшіліктің діни бағыттағы ақпарат алуына жағдай жасауымыз керек. Жыл көлемінде түсіндірме жұмысы жалғасын табатын болады. Мұндай кездесуделерді тұрақты түрде өткізу жоспарға енгізілген, – деді теолог М.Сейілханов