Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның 9 түрі. Тани біл

Адамның 9 түрі. Тани біл


Әр адамның мінезі, темпераменты әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді. Сіздің жаныңызда жүрген адам қандай, Сіз қандайсыз?

1. Жел тәріздес адам бар.
Бүгін – мына жерде, ертең – басқа жақта, оған қатысты тұрақтылық жоқ. Айналасатын ісі де бірі бірімен алмасып кете береді. Ол ешбір жұмысқа өзін толық арнай алмайды.

2. Гүл тәріздес адам бар.
Ондай адамдарды аялау керек, мәпелеу керек, тұрмыстың кез келген қолайсыздығынан қорғай білу керек. Бірақ осы нәзіктіліктің де өзіндік кереметі бар. «Гүл» адамдардың жанында Сіз өзіңізді батыр, нағыз қорған ретінде сезінесіз.

3. Кітапхана тәріздес адам бар.
Ол адамдардан қашанда тәлім алуға болады. Әсіресе шыдамдылық танытып, сәл сабырлы болсаңыз, өмірде қажетіңізге жарар жақсы кеңестер аласыз.

4. Лабиринт тәріздес адам бар.
Олардың қай кезде қандай шешім қабылдары белгісіз. Бірақ жұмбақ қиын болған сайын сол жұмбақтың шешімін табу үдерісі қызықтыра түсері сөзсіз.

5. Жайлау тәріздес адам бар.
Бұндай адамдардың жанында тірліктің көңілге кірбің түсіретін барлық мәселелерін ұмытып, жай табасыз. Сәл болса да, жүйке жүйеңіз демалып қалатыны жасырын емес.

6. Фейерверк тәріздес адам бар.
Олар күн демей, түн демей ұйқыңыздан оятып алып, айналаңызды мерекеге айналдырып жіберуі әбден ықтимал. Уақыт тым тез зымырайды, оралыңның барында – ойна да күл, міне, «фейеверк» адамдардың басты ұстанымы осы.

7. Бәйтерек тәріздес адам бар.
Олардың жанында өзіңді қорғаны бар адамдай сезінесің. «Менің өмірім де, ойларым да қауіпсіздікте, егер жығылып бара жатсам, қолтығымнан демеп жіберетін адам бар» деген ой серігіңізге айналып, өзіңізге деген сенімді арттырады.

8. Құдық тәріздес адам бар.
Бұл қатынастың соңы нашар болатынын білсең де, аяқ тарта алмай, жандарынан ұзай алмай жүресің. Ол мекен еткен тұңғиыққа бір мәрте сүңгу – қаншалықты қауіпті болса, соншалықты қызық болып тұратыны тағы бар.  

 9. Гауһар тәріздес адам бар.
Уақыт өткен сайын оның тағы жаңа бір қыры ашылады. Жағымды ма, жағымсыз ба – маңызды емес. Сенің таңдану мен тамсанудан жалықпайтынын ғана белгілі.
25 мамыр 2018 ж. 1 502 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 23:17
Kamagra Oral Jelly 100mg Sildenafil Citrate Kamagra Working Time generic viagra Le Viagra Coeur

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 18:00
Priligy Farmacias Chile Priligy Kostet generic cialis overnight delivery No Precription Cialis Keflex Dose Wound Infection When Will Dapoxetine Be Available?