Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тілі – бал

Бала тілі – бал

– Анашым, кәмпит берші, кәмпит жеймін!
– Тұра тұр, қонақтар кеткен соң жейсің, ұят болады.
– Қонақтар кеткен соң кәмпитті тығып қоясың ғой...
***
– Әкешім, анашымды көп қыздың ішінен таңдап алдыңыз ба?
– Иә.
– Қыздардың ішіндегі ұрысқағын таңдап алыпсыз.
***
– Балалар бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?
– Иә, апай «Қыз дайын болса, біз дайынбыз».
***
Қоғамдық көлікте баласы анасына:
– Анашым балмұздақ жеймін.
– Балам қалаға барғаннан кейін алып беремін.
– Анашым қазір балмұздақ алып бермесеңіз түнде әкімнің бетіңізден сүйгенін отырғандардың бәріне айтып беремін.
Баласының қылығынан ұялған анасы қоғамдық көліктің түсіп кете барды.
***
Ағасы қарындасына әріп үйретіп отыр. Бір мезетте ағасы қарындасына:
– Таңнұр мына әріп «Т»-ғой иә.
– Апай бізге бұны «К» деп үйреткен.
01 маусым 2024 ж. 141 0