Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » АЛҒАШҚЫ СҮЙІСУ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

АЛҒАШҚЫ СҮЙІСУ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Қалай сүйісу керек? Осы сұрақ көптеген жастарды алаңдататыны белгілі. Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз. Бүгін біз қалай дұрыс сүйісу керек деген сұраққа жауап береміз. Алғашқы сүйісу қыз бен жігіт арасындағы қатынастың алға қарай болатынын немесе болмайтынын анықтайды десек артық айтпаған болар едік. Егер сүйісіп отырған екі адамға ерін тигізген кездегі сәт ұнаса бұл жақсы дегенді білдіреді. Ал егер ұнамаса, жиіркену пайда болса, онда бұл екі адамға дос болып қалып, ара-қатынасты үзген дұрыс болады деп ойлаймын.
Нұсқаулық:
 1. Алғашқы сүйісу - елеулі оқиға, сондықтанда оған алдын-ала дайындық жасау қажет. Ең алдымен - деміңізге назар аударыңыз. Аузыңыздан сасық иіс шығып тұрмауы керек. Егер алғашқы сүйісудің болатынын сезсеңіз ауызға шашатын арнайы таза иіс беретін спрей алып жүріңіз.
2. Ерініңізге ерін бояғыш (помада) жақпауға тырысыңыз. Себебі сүйісу кезінде помада ериді де қасыңыздағы жұбыңыздың бетіне немесе киіміне жұғуы мүмкін. Егер ерініңіз жұмсақ болсын десеңіз оны сулауыңызға немесе түссіз ерін бояғыш жағуыңызға болады.
3. Егер сіз сүйісуден қорықсаңыз немесе ұялсаңыз қасыңыздағы серігіңізге бұл жөнінде ашық айтыңыз. Егер сүйісуге мүлдем дайын болмасаңыз өзіңізде күштеп көндіруге тырыспаңыз. Бұл сіздің алғашқы сүйісуден алатын ләззатыңызды бұзуы мүмкін.
4. Егер сіз және сіздің серігіңіз сүйісуге дайын болсаңыз, онда көздеріңізді жұмып, еріндеріңізді жақындатыңыздар. Мұрындарыңыз бір-біріне тиіп, кедергі келтірмеуі үшін біреуіңіз бетіңіздің оң жағын біреуіңіз сол жағын түйістірулеріңіз керек.
5. Серігіңіздің ерінін сезгеннен кейін оның ерінінің астыңғы бөлігін үстіңгі ерініңізбен жауып сүюіңіз керек.
6. Сүйісу кезінде серігіңіздің мойынынан, белінен ұстап денесін жай сипалауыңызға болады.
23 мамыр 2018 ж. 2 472 0