Адам санасымен ойын немесе психология қулықтары....
Психология саласының мамандары ым-ишара, мінез-құлық, әдеттерді зерттеу барысында көптеген қызықты, көзге ілінбейтін жайтқа кезікті.
1. Топ адам күлгенде, әрқайсысы түйсік бойынша өзі ұнататын адамға немесе өзіне жақындатқысы келетін адамға қарайды.
2. Маңызды, жауапкершілігі жоғары бір істі жасау керек болса, жүйкеңізді тыныштандыру үшін сағыз шайнау немесе бір тағам жей бастау керек. Бейсаналы тұрғыда бұл әдіс тынымды кезде жайбарақат тамақтанумен ассоциацияландырып, сабаға түсіреді.
3. Егер сізге біреу ашуланса, мейлінше салмақты, жайбарақат болуға тырысыңыз. Бұдан ол одан сайын ызалануы мүмкін, бірақ біраздан кейін өзінің іс-әрекеті үшін қатты ұялады.
4. Егер сұрағыңызға біреу бірлі-жарым жауап берсе, қайталап сұрамаңыз. Үнсіз көзіне қарап тұрыңыз. Сонда ол сіздің жауапқа қанағаттанбағаныңызды түсініп, толық жауап береді.
5. Сезім бет-жүзімізден бірден көрінетіні рас. Ал бет-жүзіміз белгілі бір сезімді шақыра ала ма? Иә. Сондықтан егер өзіңізді бақытты сезінгіңіз келсе, күліп жүріңіз. Нәтижесін бірден байқайсыз.
6. Сөйлеу барысында немесе хат жазуда «менің ойымша», «солай сияқты» деген сөздерді пайдаланбағаныңыз абзал. Олар сөзіңіздің «салмағын» азайтады.
7. Маңызды сұхбаттасудың алдында сұхбаттасушы сіздің жақын немесе бұрыннан танитын адамыңыз екенін елестетіп, өзіңізді сендіріңіз. Сонда әңгімеңіз сабырлы, байсалды, еш қорқынышсыз өтеді. Барлық дерлік жағдай өзіміздің қабылдау мәнерімізге байланысты. Өзіңізді байсалды, салмақты ұстасаңыз, тілдесушіңіздің де соны сезетіні дәлелденген.
8. Біреумен кездесу кезінде өзімізді өте қуанышты етіп көрсете алсақ, келесі рет сол адам сізді көргенде қуанышты болады. Айтпақшы, иттер осы әдісті «бізге» қолданады.
9. Тілдесушіңіздің аяғына назар аударыңыз. Егер аяқ киімінің тұмсығы сізден басқа жаққа қарап тұрса, ол мейлінше тезірек кеткісі келіп тұрғанының белгісі.
10. Ауыр сынды естуіміз керек жиналыстар болып тұратын жағдайлар болады. Мұндай жағдайда сын айтушы адамның жанына отыру керек. Тәжірибе бойынша оның ашуы басылып, жұмсарады.
11. Көптеген адам өзіне деген сенімді адамдарға тартылуға бейім.
12. Біреумен танысу кезінде адамның көзінің түсін байқауды үйреніңіз. Көзінің түсін анықтаймын деп сіз сәл ұзақтау көзіне қарап қаласыз, мұны көрген ол сізді ұнатып қалуы әбден мүмкін. Себебі көз контактысының ұзақтығы адамға ерекше әсер етеді.
13. Алғашқы кездесуді қызықты, ғажап жерде белгілегеніңіз жөн. Сонда ол сол жерге қайтып барған сайын сізді есіне түсіреді.
Бұл әдістерді орнымен және тек жақсы оймен пайдалану керектігін ұмытпағайсыз.
Пікір 2