Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жауқазын» жеңімпаз атанды

Жауқазын» жеңімпаз атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Жауқазын” студенттер театры 2-4 сәуір күндері Орал қаласында Махамбет Өтемісов атындаты Батыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған “III Umit - 2024” республикалық студенттік театрлар фестиваліне алғаш рет қатысып жүлделі II орынды жеңіп алды.

Әртүрлі мамандық студенттерінен құралған “Жауқазын” студенттер театрының жас таланттары М.Әуезовтың “Қарагөз” трагедиялық қойылымын сахналады. Әділ-қазылар алқасы алғаш рет байқауда бақ сынаған жас өрендердің өнерін жоғары бағалады.

Айта кету керек, бұған дейін үш рет өткен республикалық сайыста бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақжелкен» студенттік театры, ал үшінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «URKER» студенттік театры иеленді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы жетекшілік ететін “Жауқазын” студенттер театрының ұжымын алғашқы жеңістерімен құттықтаймыз!!!


Фото:Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
05 сәуір 2024 ж. 245 0