Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗ ТЕМЕКІСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАҢДАЙМЫЗ!

БІЗ ТЕМЕКІСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАҢДАЙМЫЗ!


Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі мамыр айының 1-31 жұлдызы аралығын темекімен күрес айлығы деп жариялады. Яғни, бір ай бойына еліміздің түкпір-түкпірінде темекі түтініне қарсы түрлі іс-шаралар өтуде. Биылғы жылы ақпараттандыру науқаны «Біз темекісіз Қазақстанды таңдаймыз!» ұранымен өтуде.  Тұрғындарға – денсаулыққа шылымқорлықтың зиянды әсері туралы және  қазақстандықтарды темекі шегуді төмендетуге, салауатты өмір салтын ұстануға, азаматтардың өз денсаулығына және заңдарды орындауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған әрекеттерге жұмылдыру мақсатында  халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндіру  жұмыстары атқарылып келеді.Шылым шегу – өкпенің қатерлі ісігі ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді. Күніне 1 қорап шылым шегушілердің өкпе  рагына ұшырау қаупі 10 есе көп, ал екі  қорап шылым шегетіндердікі 20 есе, сонымен қатар темекінің саны ғана емес, темекі шегудің мерзімі үлкен рөл атқарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әр 6 секунд сайын темекі бір адамның өмірін жалмап, жыл сайын темекі шегу 5,4 млн. адамның өліміне себепкер болуда. Сондай-ақ, статистика жылдан-жылға елімізде шылымқорлар санының азайып келе жатқанымен қуантып отыр.Шылым шегу қазіргі таңда тек медициналық ғана емес әлеуметтік проблемалардың бірі болып кеткен. Сол себепті, мемлекетімізде темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы 2002 жылдың 10 шілдедегі № 340-ІІ Заңы жүзеге асуда. Қоғамдық жерлерде шылым шегетіндерге арнайы орындар бөлініп, 18 жасқа толмағандарға және жалпы темекі бұйымы бір талдап  сатылмайды. Темекі бұйымының қолжетімділігін төмендету үшінелімізде темекі бұйымдары қымбаттап, ең арзан түрі 340 тенгеге дейін тұрады.  31 мамыр Дүниежүзілік темекімен күрес күнінің аясында бірқатар шараларды өткізу мен ұйымдастыру  жоспарға сәйкес орындалуда. Білім беру ұйымдарында медициналық мамандардың қатысуымен темекі мен темекі түтінінің ағзаға зияны туралы, оның салдарын түсіндіру мақсатында  «Кальянның зияны», «Темекінің қаупі» тақырыптарына ақпараттандыру жүргізілсе. "Темекіні алмаға айырбаста" ұранымен  Халық банкінің жанында өткен акцияда Тереңөзек кентінің тұрғындары белсенділік танытып,  темекі тастауға арналған кеңестер мен темекі түтінің құрамы және оның адам ағзасына тигізетін әсері туралы СӨСҚ маманы Г. Жаналиева, емхана наркологы Қ. Жұмабеков дәріс жүргізе отырып, денсаулығын түзетем деген кісіге темекісін алмаға айырбастады.Денсаулық – баға жетпес жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы  болу үшін не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
ЖШС «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» Сырдария ауданы бойынша маманы                             
Г. Жаналиева
18 мамыр 2018 ж. 2 227 0