Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

№ 28 газет

19 сәуір 2025 ж.

№ 27 газет

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін», деп жазылған жеделхатта.

Президент Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

Фото:Ашық дереккөзден

25 ақпан 2024 ж. 364 0