ЖАНЫМДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Мен мұнда Өзбекстаннан 2011 жылы көшіп келген болатынмын. Отбасымда 4 балам бар. Біраз уақыт денсаулығыма байланысты жұмысқа жарамай үйде отырып қалдым. Әрине, қиын... Қиын болса да өз Отанымда, өмір сүргеніме қуанамын...
Мектеп жасындағы 2 балам Нағима Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте білім алуда. Балаларым мектеп тарапынан, Гүлжазира Жалғасбекқызының ықпалымен, әлеуметтік көмектің барлық түрімен қамтылып отыр. Балаларыма тегін тамақ, киім-кешек, жазғы тынығу лагеріне демалу сияқты көмек көрсетіледі. Пәтер жалдап отырған менің отбасым үшін мұның барлығы үлкен көмек.
Биылғы қыс ерекше суық болды. Қатты суықтан балаларым науқастанып, сабақтан да қалды. осындай қиын кезеңдерде Нағима Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің әлеуметтік педагогы – Гүлжазира Жалғасбекқызы көмек қолын созды. Облыстық маслихат депутаты Темірхан Әлімқұловың ұйытқы болуымен үйімізге көмір түсіріп берді. Бойымызды жылытқан бұл жақсылық жанымызды да жылытқаны рас.
Қашанда жанымыздан табалып жүрген осындай жаны жайсаң, көңілі дархан жандардың шапағатын көргенде қуанып қаламыз.
Бүгін мен, осы басылым арқылы облыстық маслихат депутаты Темірхан Әлімқұловқа, Нағима Ахмадеева атындағы №112 орта мектепке, оның ішінде, Гүлжазира Жалғасбекқызына деген шексіз алғысымды білдіргім келеді.
Мүбарак ЕСБАЕВ