Сауда нысанындағы жағдай тұрақталды

– Акцияны ұйымдастырушы «BiAi» спорттық аяқ киімдер дүкені 23 қаңтар күні әлеуметтік желілерде барлық аяқ киімдер 1000 теңгеден жаппай сатылымға шығарылады деген хабарлама таратқан. Жеңілдік ұйымдастырылған күні халық шектен тыс көп жиналуына байланысты келеңсіз жағдай орын алып, дүкенді сағат 10:30-да жабуға мәжбүр болған. Осы жағдайға байланысты кәсіпкер халық алдында кешірім сұрады. Бұл жағдай халық арасында дүрбелең туындатқаннан кейін кәсіпкер аяқ киімдерді мұқтаж адамдарға таратып, қарттар үйіне берді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерге ескерту түрінде шара қолданылды. Қазіргі таңда «Қорқыт» сауда үйінде жағдай тұрақталды. Жаппай сатылым барысында адам қауіпсіздігін сақтау керектігі туралы сауда нысандарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта осындай акция ұйымдастыру барысында қоғамдық тәртіпті сақтау және халық арасында дүрбелең туғызбау үшін жергілікті атқарушы органдармен және құқық қорғау саласының өкілдерімен келісіп өткізуге шақырамыз, - деді Д.Әбсаттаров
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі