Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар аталды

Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар аталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Министрдің сөзінше, ел экономикасын дамыту үшін мықты инженерлік кадрлар тәрбиеленуі керек.

Қазақстандағы инженерлік кадрлар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті, Қарағанды индустриалды университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сияқты техникалық жоғары оқу орындарында дайындалатыны баршаға мәлім.

«Техниктер» аграрлық, энергетикалық, металлургия, құрылыс, машина жасау және т.б. көптеген салаларда сұранысқа ие», деді Саясат Нұрбек.

Қазір министрлік техникалық мамандарға білім беру тәсілін стратегиялық өзгерту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеп, жоғары оқу орындарының базасын жақсартып, бейімдеуге күш біріктіріп отыр», деп жазды Саясат Нұрбек өзінің телеграм арнасында. 

«Мысалы, аймақтық Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен жылдың соңында Тяньцзинь кәсіптік институтымен (ҚХР) бірлесіп, заманауи оқу платформаларында инженерлік практиканы қолдана отырып, инновациялық әдістер бойынша көлік инженер-студенттер оқытылатын бірегей Лу Бань шеберханасы ашылды. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыс отандық жоғары оқу орындарының кәсібилігі мен жоғары білім деңгейін көрсетеді», деді Саясат Нұрбек.

Биыл ШҚТУ базасында металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы Қазақстан-Германия ғылым және технологиялар институтын ашу жоспарда бар.

«Құрметті мектеп түлектері мен ата-аналар, мамандық таңдағанда техникалық мамандықтарға назар аударыңыз. «Техник» мамандары әрдайым қажет, себебі мұндай мамандықтың беделі күн өте артып келеді», деп жазды министр. 

Фото: https://kazbilim.kz/
18 қаңтар 2024 ж. 148 0