Елімізде әскери борышын өтеп келгендер мен әскер қатарындағы үздік азаматтарға бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түсе алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады.
Аталмыш жобаны 30-ға жуық отандық ЖОО қолдауға дайын. Соған сәйкес сарбаздарға тегін оқуға мүмкіндік беретін ЖОО тізімі белгілі болды:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Astana IT University;
«Тұран Астана» университеті;
Қазақ технология және бизнес университеті;
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті;
М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті;
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
Қазақстан-Ресей медицина университеті;
Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы;
Халықаралық білім беру корпорациясы Қазақ автомобиль-жол институты:
Алматы менеджмент университеті;
Caspian University Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;
Қазақ жолдар және қатынастар университеті;
Тұран университеті;
Азаматтық авиация академиясы;
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті.