Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрдің марапаты

Министрдің марапаты

«Погонды журналист» жобасына қатысқан қызылордалық журналистер ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде аудандық газеттің тілшісі Балтабай Ордабеков те бар.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл са­йын дәстүрлі түрде республика көлемінде «Погонды журналист» жобасын ұйымдастырып келеді. Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік, жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің және басқа да полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын көрсетуге бағытталған.

«Погонды журналист» жобасы Сыр өңірінде де ұйымдастырылуда. Жобаға өңірлік БАҚ өкілдері қатысып, бір күн погон тағып, полицейлердің атқаратын жұмысымен танысты. Биыл аталмыш жобаға аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков қатысып, бірнеше мақала жарияланған болатын. Осыған орай ол Ішкі істер министрілігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Марапатты Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Искаков салтанатты түрде табыстады.

– Полиция қызметінің тиімділігін арттыруда БАҚ өкілдерінің алатын орны ерекше. Бүгінде дәстүрге айналған «Погонды журналист» жобасын үйлесімді әріптестік байланыстың көрінісі деуге болады. Жобаға қатысып, құқық қорғау органдарының жауапты да қиын жұмысын ақпараттандыруға атсалысқан журналистерге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтініміз анық. Ішкі істер министрлігі мен Қызылорда облысы ПД-нің ұйымдастыруымен өтетін мұндай игі іс-шаралар халық алдындағы полицияның беделін арттыратыны сөзсіз, – деді Ермек Бердалыұлы.

Әріптесімізді марапатымен құт­тық­­­тап, шығармашылық сәттілік тілейміз.

«Тт» ақпарат

04 қаңтар 2024 ж. 136 0