Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Қорқыт» телехикаясы төрт елде көрсетіледі

«Қорқыт» телехикаясы төрт елде көрсетіледі

«Қорқыт» телехикаясы Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан телеарналарынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қорқыт» биографиялық драмасы  Түркияның «TRT», Әзербайжанның «AzTV», CBC TV арналары, Қырғызстанның «КТРК» және Өзбекстан мемлекеттік телерадиокомпаниясы арқылы түркі мемлекеттерінің аудиториясына ұсынылады. Телехикая аталған елдерде түрік, қырғыз, әзербайжан, орыс тіліндегі дубляжбен  тамашалай алады.

Төрт бөлімді тарихи драманы «Қазақстан» Корпорациясы Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен бірлесе түсірді. Телехикаяның түсірілім жұмыстары Алматы облысы мен Өзбекстанның Хиуа қаласында жүргізілді.

Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.

Телехикаяның отандық арнадағы тұсаукесері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

Фото: qazaqstantv
15 желтоқсан 2023 ж. 177 0