Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол құрылысының ықтимал бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңесте Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал - Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі осы жылдың желтоқсан айында дайын болады.

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан теміржол құрылысының жобасы — біз ерекше басымдық беретін бірегей жоба. Бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет», деп атап өтті Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы - үш елдің, одан әрі Парсы шығанағы елдерінің, еуропалық теміржол желісімен байланысты Түркия Республикасының темір жолдарына жол ашуға арналған теміржол магистралі.
29 маусым 2022 ж. 783 0