Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздік ереже талаптары

Ең бастысы – балалардың ертеңгіліктерін өткізу кезінде өртті және басқа да төтенше жағдайды болдырмау. Мерекелік шараларды ұйымдастырушы басшылардан және жауапты адамдардан қауіпсіздікті бақылау қажет. Жауапты адамдар өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және балаларды ғимараттан эвакуациялау туралы нұсқама алу қажет.
Әрине, бірде бір жаңа жылдық мереке жарқын отшашуларсыз және басқа да пиротехникаларсыз өтпейтіні белгілі. Бірақ, пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендер мен жабдықталған орындардың бөлімдерінде сатуға рұқсат етілген. Әрбір өнімнің сәйкес келетін сертификаты және қолдану бойынша нұсқаулығы болуы тиіс. Зауыттан шығарылмаған және сертификаттау талаптары бұзылған пиротехникалық өнімдерді сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ бөлмелерде ашық отты отшашулар мен пиротехникаларды қолдануға тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар, мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқитын балаларға жарық және дыбыстық әсерлі пиротехникалық өнімдерді сатып алуға мүлдем тыйым салынады. Балаларыңызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөзден