Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Түрік инвесторымен бірге өңірде жылыжай салу мәселесі талқыланды

Түрік инвесторымен бірге өңірде жылыжай салу мәселесі талқыланды

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Абсаттаров түркиялық «Koruma Group» компаниясының өкілі Атилла Йылмазбен кездесті, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Іссапар аясында екі тарап өңірде жылыжай салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Аталған компания 1949 жылы құрылған, Түркиядағы химия саласындағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Кездесу аясында түркиялық инвесторға өңірдің инвестициялық әлеуеті және жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі бар өндірістік объектілер таныстырылды.

Кездесу қорытындысымен Д.Абсаттаров жобаны жүзеге асыру мақсатында әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін және өңірде басқа да жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, аймақта түріктің «Корума Груп» компаниясы Қызылорда облысына инвестиция құйып, 50-100 га жылыжай кешенін салуға кіріспек.
10 желтоқсан 2023 ж. 171 0