25 жастағы Қызылордалық азаматқа бүйрек трансплантациясы жасалды

– Соңғы 11 жылда елімізде трансплантация жасау тәсілі жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр. Осы уақытқа дейін 3 мыңға жуық трансплантация жасалған, оның ішінде негізгісі - бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқыбез трансплантациялары. Дегенмен, бұл оталардың 90 пайызға жуығы тірі донор арқылы іске асырылады. Соның ішінде әлемде туыстық донор арқылы ота жасау тәсілі кеңінен қолданылуда. Бұл ота бүйрек жетіспеушілік ауруларына өте тиімді. Мінекей, бүгін осы туыстық донор арқылы 25 жастағы қызылордалық азаматқа бүйрек трансплантациясын жасадық. Ота сәтті өтті. Бұл трансплантацияға көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері қатысып, тәжірибе алмасты. Бүйрек ауыстыру отасын алдағы жылы да жалғастыру жоспарлануда, – деді Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Болатбек Баймаханов.
Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында 85 трансплантацияланған науқас бар. Оның 82-сі туыстық донордың көмегімен өмірін сақтап қалған. Ал биыл туыстық донор арқылы 11 науқасқа ота жасалды.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Облыстық денсаулық басқармасы