Қызылорда облысына 472 млрд теңге инвестиция тартылды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап баспасөз брифингін өткізді. Брифингте аймақ басшысы Президент тапсырмаларының өңірде орындалу барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Өңір басшысы облыста негізгі капиталға салынған инвестиция 2021 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп, 472 млрд теңгені құрағанын айтты.
– Мемлекет басшысының патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсету бастамасын, «Туған жерді бірге түлетейік» үндеуін сырбойылық кәсіпкерлер қолдады. Бұл бағытта демеушілер есебінен 37,5 млрд теңге қаржы тартылды. 3,3 млрд теңгеге 630 жобаға жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Атап айтқанда, облыс орталығында Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге, оның 15,7 млрд теңгесі Болат Өтемұратов қорынан. Жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға қарастырылған. Нысан 2024 жылдың мамыр айына іске қосылады. Мұнан бөлек «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Жоба құны – 577 млн теңге. Сондай-ақ құрылысы басталған заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы келесі жылы пайдалануға берілмек. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледж ғимаратын салады. Жобаға 4,8 млрд теңге жұмсалады, – деді аймақ басшысы.
Н.Нәлібаев биыл Қызылорда қаласындағы 1,7 млрд теңгеге салынған «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға берілгенін де айтып өтті. Сонымен қатар Демеушілер есебінен қаланың орталық алаңын қайта жаңғырту жұмыстары басталып, оған 1 млрд теңге қаражат бөлінгенін жеткізді. Одан бөлек, облыс орталығындағы 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталып, 20 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылғанын айтты.
– Аудандарда да көптеген игі істер қолға алынып, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Мысалы, Жаңақорған ауданында 790 млн теңгенің заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында 450 млн теңгенің «Еңбекшілер аллеясы» бой көтерді. Арал ауданының Тоқабай ауылында апаттық жағдайдағы мектептің орнына 500 млн теңгеге жаңа мектеп салынуда. Нысан 2023-2024 оқу жылының соңына дейін пайдалануға беріледі. Қармақшы ауданының Жаңажол ауылындағы Орталық алаң «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен абаттандырылса, Жалағаш ауданының Таң ауылында спорт кешені, «Тағзым алаңы» құрылыстарымен қатар, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қызылорда қаласының Түркістан облысымен шекарасында құны 230 млн теңге болатын облыстың кіреберіс қақпасы ашылды, – деген облыс әкімі аймақтың маңызды салаларында атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.
Облыс әкімі «Шыны зауыты» жанынан үш ілеспе кәсіпорын құрылатынын мәлімдеді. Өйткені сұраныс көлемі жыл санап артуда. Өткен жылы іске қосылған «Шыны зауыты» тұрақты өнім шығарып, қазірдің өзінде оның 70 пайызын ішкі нарыққа, 30 пайызын Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға экспорттауда. Негізі зауыттың негізгі қуаттылығы 197 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорын іске қосылғалы бері жобалық қуаттылықтың 85 пайызын игеріп, 167 мың тонна өнім шығарған.
– Шыны зауытының айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құруға мүмкіндік мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады. Атап айтқанда, жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталмақ. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32,3 млрд теңге. Сондай-ақ Шиелі ауданында 1 млрд теңгенің әк және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылады. Мұнан бөлек аймақта алдағы жылы 27,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асып, 630 жұмыс орны құрылады, – деді аймақ басшысы.

Н.Нәлібаев дұрыс үйлестірілген жұмыстардың нәтижесінде Ел Президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы аймақта 11 айда толық орындалғанын айтты. Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 44695 адам жұмыспен қамтылыпты. Соның негізінде биыл жоспар бойынша 10651 жұмыс орнын құру көзделсе, қазір 11654 адам жұмыспен қамтылған. Бұл Президент тапсырмасының 11 айда толық орындалғанын білдіреді. Осы ретте өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыз, жалпы жұмыссыздық 4,8 пайызды құрайтынын айтып өткеніміз жөн.
Облыста егін шаруашылығын дамыту және әртараптандыру бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,4 млрд теңгені құрап, 36,6 пайызға артқан. Нұрлыбек Нәлібаев журналистерге өңірдің ауылшаруашылық саласы бойынша әлеуеті жоғары екенін айтты.
«Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі жыл санап артып келеді. Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне сай ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. Егін науқанының қорытындысымен әр гектардан 56,5 центнерден өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналды. Су тапшылығына қарамастан, күріш өнімділігі бойынша өткен жылғы деңгейді сақтап қалдық. Облыстың ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып, өткізу нарығы кеңеюде. Соңғы екі жылда 84 млн АҚШ долларының өнімдері экспортталды. Экспортталған өнімнің 96 пайызы – өңделген өнім. Суды үнемдеп пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясын кеңейтуге басымдық берілуде, – деп баяндады аймақ басшысы.
Негізі биыл су үнемдеу технологиясымен жалпы көлемі 872 гектарға дақылдар егілген. Бұл тенденцияны жыл сайын 1000 гектарға арттыру жоспарлануда. Себебі Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет» деген болатын. Осы тапсырманы орындау аясында аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметіне басымдық берілуде. Бұған жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылғаны дәлел.
Өңір шаруалары өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізу жұмыстарын да қолға алуда. Қазір жергілікті ғалымдар республикаға белгілі мамандармен, сарапшылармен бірлесіп, бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. Биыл бұл жұмыс өз нәтижесін беріп, пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте піскен. Келесі жылы да оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енгізілмек.
Сондай-ақ егіс алқабын әртараптандыру жұмыстары да жалғасын таппақ. 2025 жылға қарай күріш алқабы 89 мың гектардан 80 мың гектарға дейін қысқартылады. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі 8,7 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар алқабы 13 пайызға, малазықтық дақылдар алқабы 8 пайызға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары алқабы 0,5 пайызға, басқа дәнді дақылдар егісі 21 пайызға артады деп жоспарлануда.
– Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашан да өзекті. Сондықтан су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен қолданылуда. Су тапшылығы аймақ халқын алаңдатуда. Оны Президентке де жеткізіп, баяндадым. Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге «Қызылорда облысындағы суармалы жүйелерді қалпына келтірудің жол картасын» қабылдадық. Ол бойынша тасқын суды жинақтау, суармалы суды бөлу мен есепке алу процестерін автоматтандыру арқылы ирригациялық инфрақұрылымды қайта құру, жаңғырту шаралары атқарылуда. Суды бөлу мен есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу үшін халықаралық компанияларды тарттық, – деді Н.Нәлібаев.
Жалпы соңғы 12 жылда Солтүстік Арал теңізінің суы 6,8 млрд текше метрге азайыпты. Тұтас өңірдің тағдырына байланысты мәселе Парламентте, Үкіметте үнемі көтерілуде. Осы ретте облыс әкімдігі өткен жылдан бері 4,6 млрд теңгеге «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасын іске асыруда. Келесі жылы зақымданған бөгет қалпына келтіріліп, Қарашалаң көлі арқылы теңізге 2 арна және Тұщы көлі арқылы 1 арна қазылады деп жоспарланған. Нәтижесінде теңізде су айналымы қалыптасып, тұздылығы төмендейді деп күтілуде.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысы жөнінде де айтты. Осы мақсатқа 18 млрд теңге бөлінгенін айтып өткен Нұрлыбек Машбекұлы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша биыл 47 ауылда 216 жобаны жүзеге асыруға 12,4 млрд теңге бөлініп, 157 жоба іске қосылғанын жеткізді. Сәйкесінше «Ауыл аманаты» жобасына қаралған 3 млрд теңге ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бағытталып жатқанын мәлімдеді. Мұнан бөлек «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бөлінген 2,5 млрд теңгеге жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліпті. Аталған бағыттағы басты жаңалық – ауылдық елді мекендерді дамыту үшін облыста «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуі. Конкурсқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Жеңімпаз 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілген және конкурсты жыл сайын өткізу дәстүрге айналмақ.
Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы маңызды факторлар – сапалы инфрақұрылымның болуы және халықтың баспанамен қамтылуы. Алдағы уақытта Қызылорда тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – ыстық сумен қамтамасыз ету толық шешілмек. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қазан айындағы өңірге жасаған сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдап, нақты тапсырма берген болатын. Енді Президенттің пәрменімен көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешілетін болады.
– Қызылорда қаласы – республикадағы ыстық суы жоқ жалғыз облыс орталығы. Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жобаларға қажет қаржыны бөлу туралы нақты тапсырма берді. Мұны жүзеге асыруға 1,1 трлн теңге қаражат жұмсалады. Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Жақында Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр орталығының іргетасы қаланды, – деп түйіндеді Нұрлыбек Нәлібаев.
Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба – жылу-электр орталығының құрылысы Сыр өңірінде жүзеге аспақ. Құны 215 млрд теңге болатын орталық 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл электр энергиясын сырттан сатып алудан арылуға, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді. Мұнан бөлек аймақта жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Қазіргі таңда 1067 әлеуметтік нысан мен 855 көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесіне толық қосылған. Сондай-ақ өңірде халықты баспанамен қамтудың да оңтайлы шешімі табылған. Биыл облыс көлемінде барлығы 4170 пәтерді құрайтын 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін 2500-ге жуық пәтер табысталып, аймақта 11 мың тұрғынның баспана мәселесі оң шешімін таппақ.
Облыстағы өзекті мәселелердің қатарында жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің тозуы және қызмет көрсету сапасының төмендігі де бар. Осы ретте облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы 150 жаңа автобус алынған. Биыл қосымша 50 автобус әкелініп, қалған 100 автобус келесі жылдың басында табысталады деп нақтыланған. Бұл – жақын арада аймақтың бас шаһарындағы қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешіледі деген сөз.
– Қазір Қызылорда қаласында 975 млн теңгеге заманауи үлгідегі автовокзал салынуда. Пайдалануға берілгеннен кейін 124 рейс бойынша 55 автобус маршруты ашылады. Олардың қатарында Ташкент қаласына қатынайтын 1 халықаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка) және Ақтөбе қаласына 8 республикалық, сондай-ақ 46 ауданаралық рейс бар. Автовокзал жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Осылайша Қызылорда қаласында қоғамдық көлік мәселесін ретке келтіреміз, – деді облыс әкімі.
Облыс бюджетінің 61 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып жатқаны белгілі. Соның ішінде білім саласына жыл сайын шамамен 278 млрд теңге бөлінуде. Биыл облыста 4 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынбақ. Жоба құны – 98 млрд теңге.
– Облыс бойынша қазір 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, қалған 11-і келесі жылы басталады. Нысандар 2025 жылы толық аяқталып, оқушылар үшін есігін айқара ашады. Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернат құрылысы қарқын алды. Мұнан бөлек 4 мектеп жанынан 1850 орынға арналған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді. Қосымша ғимараттардың салынуы біріншіден, балалардың қатынауына жақын, ыңғайлы болды. Екіншіден, бюджет қаражаты үнемделді. Бір мектеп салғанға орта есеппен 3 млрд теңге кетеді. Ал қосымша құрылысқа кеткен шығын шамамен 700 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ шалғайдан қатынайтын оқушылар үшін жаңа үлгідегі 30 автобус алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы бастамасы аясында биыл қарашада Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университет жанынан СеулТех Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды, – деді Н.Нәлібаев.
Ал биыл өңірдің денсаулық сақтау саласына 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Соңғы жылдары өңірде жаңа медициналық нысандар көптеп салынуда. Мәселен, Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық «көпбейінді аурухана» құрылысы басталды. Медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млрд теңгеге «Қан» орталығының құрылысы жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынады деп жоспарланған. Оның 15-і жыл аяғына дейін тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне беріледі.
– Саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,1 млрд теңге бөлінді. Былтырғымен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 3 есе көп.Өткен жылы 45 жедел жәрдем көлігі тапсырылса, биыл 25 санитарлық көлік алынуда. Былтырдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз әріптестік байланыстамыз. Қор соңғы екі жылда аймақ медицинасы мен білім саласына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, 1,1 млрд теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған екі жылжымалы медициналық кешен, өзге де құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алынды. Алдағы жылға да жоспарларымыз бар, – деп хабарлады облыс әкімі.
Баспасөз брифингінде аймақ басшысы өңірдің мәдениет пен спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асып жатқанына да кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, 7 мың орынға арналған Орталық стадион, сондай-ақ жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарымен бөлісті.

– Аудандарда 2,6 млрд теңгеге 11 дене шынықтыру кешені салынды. 1,5 млрд теңгеге салынған Отбасы орталығы өз қызметіне кіріссе, 3,7 млрд теңгенің Өнер орталығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Келесі жылы 7 ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады. Сондай-ақ, Сыр өңірінің мәдени брендіне айналатын «Шірік-Рабат сақ жауынгері» мен «Сығанақ ханшайымының» алтындатқан мүсіндері облыстық музейге тапсырылды, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 36 млрд теңгеге 569 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткізілген. Соның негізінде облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жеткен. Облыс әкімі 2024 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін 14,3 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын жетілдіріп, сапалы жолдар үлесін 92 пайызға жеткізу межеленгенін айтып өтті.
Өз кезегінде журналистердің сұрақ қоюына да мүмкіндік берілді. БАҚ өкілдері аймақта жүзеге асып жатқан жобалардың сапасы мен аяқталу мерзімі, бұған дейін уәде етілген жоспарлардың орындалуы, сондай-ақ өзекті проблемалық мәселелердің шешілуі туралы сауалдарын жолдады. Облыс әкімі әр сұраққа толыққанды жауап беріп, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы арқасында өңірде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, алдағы уақытта да тиісті жұмыстар жалғасатынын айтты. Сондай-ақ аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу бағытында ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген журналистерге ризашылығын білдіріп, аймаққа іссапармен келуге шақырды.
Айта кету керек, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында журналистерге арнап өткізген брифингінде аудандық «Тіршілік тынысы» газеті тарапынан сұрақ қойылды. Аккредиттеуден өтіп, сұрақ қою мүмкіндігіне ие болған аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы А.Ибрагимұлы мемлекеттік сатып алу жұмыстарының орталықтандырылғаны жөнінде сауалын қойып, баспасөз қызметі тарапынан жазбаша жауап алды.
А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ