Smart City Kyzylorda Hackathon жеңімпаздары анықталды

Бесінші рет өткізілген байқауға 350 қатысушы, 120-ға жуық жоба тіркелді. Байқауға қала жастарымен қатар облысымыздың аудандарынан қатысушылар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша әр секциядан 3 қатысушы жеңіске лайық деп танылды.
Әр жеңімпазға 1 орын - 150 000 теңге, 2 орын - 100 000 теңге, 3 орын - 50 000 теңге сертификаттары табысталды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті білім грантын 3 қатысушы иеленді. Сонымен қатар, біршама қатысушылар ұйымдастырушылар мен әділқазы мүшелері ұсынған сыйлықтарға ие болды.