Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 102 жастағы майдангер сайлауда алғашқы болып дауыс берді

102 жастағы майдангер сайлауда алғашқы болып дауыс берді

Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы өтуде.

Аудан тарихындағы ерекше күнде ең алғаш болып дауыс берген 102 жастағы сырдариялық майдангер Яхия Тасыров туған жеріне қызмет ететін азаматты таңдау маңызды сәт дейді.

Cоғыс ардагері бірлікті ту етіп, ауданның дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азамат бей-жай қарамау қажеттігін айтты.

Қазыналы қария өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.

Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.


Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
05 қараша 2023 ж. 88 0