Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді

«Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді

Тіл саясатының бағыт-бағдарын айқындауда, тілдік ахуалды болжап бағалауда ҚАЗТЕСТ-тің алатын орны ерекше, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Осы ретте, 2023 жылдың 1-2 қарашасы күндері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы республикалық Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп облыстың мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне, барлығы 140 адамға ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізді.

Тестілеу жұмысы 5 бөліктен тұрды. Тыңдалым бөлімінде диалогтар мен монологтарды есту арқылы түсінгенін, лексика-грамматикалық бөлімінде грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған, оқылым бөлімінде әртүрлі мазмұнды, түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар берілсе, жазылым бөлімінде тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты диктант, мазмұндама және эссе жазу тапсырмасы, айтылым бөлігінде ауызша тапсырма беру, сөйлеу әрекеті бағытында болды.

Тестілеу жұмысының қорытындысымен В1 (орта), В2 (ортадан жоғары), С1 (жоғары) деңгейлер бойынша шекті мәндегі көрсеткіш көрсеткен қызметкерлерге сертификат беріледі.
03 қараша 2023 ж. 90 0