Тіл мерейі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, аппараттық және жедел мәжілістер, іскерлік іс-шаралар, хаттамалар, қаржылық, есептік статистикалық құжаттар түгел мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді. Қызметкерлердің барлығы іс-құжаттарды мемлекеттік тілде толтыра алады. Сөзіміздің дәлелі, жыл басында қызметкерлер тіл білудің «А2» деңгейі бойынша диктант тапсыру кезінде ойдағыдай нәтиже көрсетті. Облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу курсындалатын әліпбиін жетік меңгерген 17 қызметкер сертификат алды. «Қазтест» жүйесі негізінде алынған диагностикалық тестілеу көрсеткіші де көңілден шықты.
Департамент пен орталық бірлесіп «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мемлекеттік тілдің рөлі» атты тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында орталық қызметкерлері жаңа әліпбиге көшу, жаңа емле ережелері туралы айтты. Сұрақтарға жауап қайтарды. Сондай-ақ, Департаменттің басқарма және бөлімдері арасында «Елім менің» атты мәнерлеп оқу жарысы болды. Онда оза шапқан үздіктер марапатталды. Қазақстан халықтарының тілдері күніне, сонымен қатар, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай жолы» эпопеясы бойынша викториналық сайыс өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, мерейін асқақтату мақсатында мұндай шаралар жалғаса бермек.
Р.Мамекова,
Департамент кеңсесінің бас маманы