Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Парасатты отбасы» байқауы жарияланды

Қызылордада «Парасатты отбасы» байқауы жарияланды

Қызылорда қаласының әкімдігі «Парасатты отбасы» байқауын  өткізеді. Байқаудың мақсаты парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, замануи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, қайырымды отбасыны анықтау, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Байқауға Қызылорда қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс істейтін азаматтар отбасымен қатыса алады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады. Байқауға қатысу үшін отбасы мүшелері әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершлікке тартылмаған болуы керек. 

Байқауға абыройлы, парасатты, өнегелі және қоғамдық жұмыстарда белсенді, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен үлгілі отбасылар қатыса алады.

Отағасы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек.

«Парасатты отбасы» байқауына қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында бейнеролик әзірлейді. 
Бейнесюжеттер арқылы сайыскер отбасылардың еңбектегі, оқудағы жетістіктері мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынады.

Бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспау керек. 

Бейнероликтің бағыттары:

1) отбасы шығармашылығы; 
2)  отбасылық туризм; 
3) ұрпақтар естелігі; 
4) отбасылық бастама; 
5) «Отбасы туралы сөз». 

Байқауға қатысушылардан өтінімдер 2023 жылғы «15» қарашаға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қызылорда қаласының әкімдігі, Қалалық қоғамдық даму бөлімі, 306 кабинет, тел.ном 27-20-81, (видеороликті флеш-жадыға түсіріп әкелу керек). 

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі: 

Қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны);
Қатысушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Фото: dknews.kz
27 қазан 2023 ж. 195 0