Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тұрғындардың мәселесін тыңдады

Тұрғындардың мәселесін тыңдады

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «АMANAT» партия­­сы депутаттық фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев Сырдария ауданында болып, қоғамдық қа­былдау өткізді.

Жалпы, М.Ералиевтің қайбір қабыл­дауы болсын нәтижелі аяқта­лады. Депутат бұған дейін де қа­былдауға жазылған азаматтардың өтінішін орындап, ұсыны­сын жүзеге асырып, өз құзіреті аясында қолдан келген көмегін көрсетіп келеді. Бұл жүйелі жұмыс әлеуметтік желіде де оң бағаланып, жұртшылық шынайы ризашылығын білдіруде.

Ал ауданда ұйымдастырылған бұл жолғы қабылдауда мәдениет және білім саласына қатысты сұрақ­тар қойыл­ды. Мәдениет саласында есепші болып жұмыс істейтін Р.Өтегенова қызметкерлердің жала­қысындағы айыр­машылық жөнінде айтты. Бұл расында да өзекті мә­селе. Егер, бұл мәселе шешілсе, онда мәдениет саласында уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген көптеген адамның жалақысы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде са­ла қызметкерлерінің тұрмыстық жағ­дайының жақсаруына оң әсер етері сөзсіз.

Ал білім саласындағы мәселе мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәніне қажетті құрал-жабдықтар жөнінде өрбіді. Ұстаздық қызмет атқаратын С.Есжанов оқуға қажетті құрал-жабдықтардың ескір­генін айтып, олардың жаңартылуына бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал етуін сұрады.

М.Ералиев қос мәселенің де өзекті екеніне назар аударып, об­лыстық мәслихаттың тұрақты ко­миссияларының бірлескен оты­рысында, сессияларда мәселені көтеретінін жеткізді. Депутаттық сауал жолдайтынын айтып, орындал­уын бақылауға алатынын атап өтті.

– Қоғамдық қабылдауларды тұрақты түрде жүргізіп келемін. Әр ұсыныстың мен үшін маңызды­лығы жоғары. Бүгін көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау­ға алып, қорытындысын жариялайтын боламын, – деді қабылдаудан кейін аудандық газет тілшісіне сұхбат берген облыстық мәслихат депутаты.


«Тт» ақпарат
30 қыркүйек 2023 ж. 181 0