Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Біліктілігін арттыруға ниетті дәрігерлерге ЖОО-лар 7,4 мың орын бөлмек

Біліктілігін арттыруға ниетті дәрігерлерге ЖОО-лар 7,4 мың орын бөлмек

Биыл біліктілігін арттыруға мүдделі дәрігерлер мен орта медициналық персоналға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 7 мыңнан аса орын бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру үшін 7 420 орынға 2023 жылға арналған тапсырыс орналастырылсын», – делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрық-жобасында.

Оқу орындарының атауын, дәрігерлер және орта медициналық персоналға бөлінетін орындардың санын мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.

Бұйрық-жобасы 2 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Денсаулық сақтау министріне жолданады.

Фото: ашық дереккөзден
18 қыркүйек 2023 ж. 346 0