Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз идеал тұтқан аға еді

Біз идеал тұтқан аға еді

Дана халқымыз «Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» деген нақылды бекер айтпаған. Өмір-өзеннің асау толқынымен алысып, қайсарлықпен өзінің бағытын айқындаған, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған, облыстың Шиелі, Тереңөзек, Жалағаш және Қармақшы аудандарында жауапты қызмет атқарған Қонысбек Төрешұлы Қазантаев ерекше кісі еді. Сыр бойында өшпестей ізі қалған мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына биыл – 100 жыл. Қонекеңді идеал тұтқан азаматтар санатынан болғандықтан және қайраткердің ұлы Ғанибек Қазантаевпен бірге қызмет істегендіктен ғасырлық белесте қолға қалам алып, естелік жазуды, оны аудандық басылымға ұсынуды жөн көрдім.

Мен оқу бітіріп келген соң Жалағаштағы 150-ші кәсіптік техникалық училище жанын­ дағы бастауыш комсомол ұйымы­ның хатшысы болып жұмыс бастап, өз маман­дығым бойынша 1978 жылы аудандық ауылшаруашылық басқармасына зоотехник болып қызметке ауыстым. Қонекең біз отыратын кеңсенің алдынан жаяу жүріп жұмысына өтетін. Жүрген жүрісі тіп-тік, киімі тап-таза өзіне жарасып тұратын ажарлы кісі еді. Терезеден қарап осы кісіге ұқсап киінуге тырысатынбыз.

Бірінші жолсапарым 1978 жылдың көк­темінде Қарақұмдағы қой төлдетуден бас­талды. Мені өкіл етіп жіберген еді. Мен маман­дығым бойынша қаракөл қозыла­рын сұрыптау жұмысын жүргіздім. Ол кезде Жалағаш совхозының дүркіреп тұрған кезеңі болатын, әр 100 аналықтан 115-120 төл алады екен. Шаруашылық басшысы Өмірзақ Тұңғышбаев ағай мен партком хатшысы Махамбетжан Ысқақов ағаларымызбен танысып қайттым. Жалпы, Ойекең қағазға қатты қарайтын, өзі шаруаны араламаса да мамандар арқылы не болып жатқанын толық біліп отыратын. Сөйтсек, Қонекең солай талап қояды екен.

Бірде кезекті еңбек демалысында жарым Сафура балаларды алып, Талдықорғанға кет­­­кен еді. Мен де қайынжұртқа барып дема­­­лып қайтуға пойызға билет алғалы тұрсам «Сейілбек Шаухаманов шақырып жатыр» деп бір нұсқаушы келді. Барып едім «Ер­­­тең аудандық партия комитетінің бюросы,­ соған шақырылуың мүмкін» деді. Расында да ертеңіне таңертеңгі сағат 10.00-де болатын бюро мәжілісіне шақырылдым.

Әуелі мүшелікке өтетіндер кіретін болды. Бірінші болып Тұрсын Дүйсебаев ағамыз кір­ді, ол кісі «Партбилетті бердім» деп жы­лам­сырап шықты. Екінші болып марқұм Аманкелді Елі­баев кірді. Ол да «жұмысты тапсырдым» деп шықты. Үшінші менің кезегім келді, бұл ме­нің бірінші рет бюроға кіруім еді. Шы­бын­ның ызыңы естіледі. Қонекең өз орнында отыр екен.

– Балам, нешедесің?, – деді.

– 28-де.

– «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас» деген, жас емес екенсің. «Біз сені «Ақсу» совхозына бас зоотехник етіп жібер­гелі отырмыз, оған қалай қарайсың, балам», – деді.

– Сіздер солай ұйғарсаңыздар, қолымнан келген жұмысты жасауға дайынмын, – дедім.

– Онда дұрыстап жұмыс жаса, маман­ды­ғың бойынша адал, әділ бол, – деді.

Ертеңіне Қонекең берген ұсыныспен об­лыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Өмекең Әзқожаевтан бұйрық алып, «Ақсу» совхозына бас зоотехник болып оралдым. Темірхан Бекжанов ағай директор болатын. Партком секретары Төлеген Аштанбаевадан сұранып, бірден самолетпен бала-шағаны алып келуге Алматыға ұшып, үш күнде қайтып келсем, үлкен бюро болыпты. Басшылар босатылған, уақытша Боранбаев Тоқан ағаны директорлыққа тағайындапты. Тоқаң маған қарата «Батырбек – шалдың баласы. Мал шаруашылығының директоры да, бас зоотехнигі де бәрі өзіңсің» деді. Сонымен Ақсудағы қиын да қызықты жұмысым бас­талып кетті. Абыройсыз болған жоқпыз. Екі ферманың меңгерушісі Адамбаев Жақсылық, Жақсығалиев Жағыпар, бас мал дәрігер Ермаханов Ақылда, аға мал дәрігері Сейітханов Өмірбай, веттехник Байтуғанов Базарбай, бақташылар Селбесінов Шахман, Ертілеуов Ысқақ, Баймаханов Төремұрат ағаларымыз бен озат сауыншылар Мәриямкүл, Рәзия, Райкүл апай, Гүлбану, Гүлзағиралармен бірлесіп Өмекең Тұнғышбаев ағамыздың басшылығымен жоғарғы көрсеткішке жеттік. ЦК-ның ауыспалы туын бірнеше рет жеңіп алдық, 1-2 жылда КПСС қатарына өттім.

Бірде Айбосынов Шыңғыс ағай Қонекеңнің мені Ақсу ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағалығына жіберу жөніндегі ойы бар еке­нін айтты. Мен бірден келісім бердім.

Сонда Шәкең ағай «Әй, бала, сен өзі көлден ұш­ып, шөлге бара жатқаныңды білесің бе?, – деді. Сонан не керек қызметке сайландым. Бір күні өзімнің бірінші ұстазым Сүлейменов Қалыбай ағай, қолы дірілдеп «Жылдам кел, мына телефонда Қонекең байланыста тұр, сені шақырады» деді.

Қонекең:

– Әй, бала, сен не істеп жүрген адам­сың…?, – деді.

– Қонеке, жұмыс жасап жатырмын, – дедім қобалжып.

– Еттен қашан шығасың, қанша қалды, –деді. Мен ақпар бойынша жауап бердім.

– Ақпардан 1,5 центнердей артық айтып тұрсың, – деді.

– Түске дейін бір бас өгізше өткен болатын, – дедім.

– Қашан құтыласың? – деді.

– 28 декабрь күні.

– Сол күні сағат 14.00-де қоңырау шалып хабарын бер, – деді. Мен солай жасадым. Хабарласқанымда Қонекең «Көріп отыр­мын, осылай жұмысты жалғастыру керек, әзірге қадамың жаман емес» деді.

Қонекең уақыт тауып, мал қыстату кезін­де және жайлауда отырғанда шаруашлықтарды жылына екі рет аралап шығатын. Облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып Сағидолла Құбашев келген кезде, әр айдың 4-і күні мал­шылар жиналысы «День животноводов» өтетін болып қалыптасты. Бір айда жасаған шаруаға директор немесе партком, болмаса бос зоотехник есеп беретін.

Аудандағы ең бірінші жиналыс февраль айының 4-і күні 1980 жылы «Ақсу» совхозында өтті, соған Қонекең қатысты. Ол кісінің әрбір айтқан сөзі керемет еді, шаруаны жақсы білетін. Талапты қатты қоятын, бірақ ешкімге зәбір көрсеткенін естігем жоқ. Әр адамның өзінің кінәсін өзіне қойып, босатқан кадрлары да ренжімей жұмысынан кететін.

Бірде аудандық партия комитетінің бюросында Қонекең қой совхозының ферма меңгерушісіне:

– Сен өзің қызық адам екенсің, шопандар қой бағып сіркесі су көтермей, иығынан су өтіп, шаршап келе жатса, сен алдынан шығып ұрысатын көрінесің, олай істеуге бола ма? Одан да атының шылбырын алып, түсіріп ал, үйіне келеді, бірге бір-екі кесе шай іш, содан ол терлейді, сосын барып шаруаңды шеш, – дегені бар-ды.

Бір сөзбен айтқанда Қонекеңнің көреген­дігіне, ойының өз замандастарынан әлде қай­да озық болғандығына қайран қалмасқа бол­май­ды. Мәселен, сол кездің өзінде ол кісі­­нің бойынан қазіргі кездегі «мемлекеттік қызметкердің этикасы» туралы заңның баптары айна-қатесіз байқалатын еді. Атап айтсақ, жауапты қызметкерлерден дұрыс киі­ніп жүруді, қандай ортада болмасын адам­дарға кішіпейілдікпен қарым-қатынас жасауды, біреулердің ар-намысына ти­меуді, өз қызметіне жауапкершілікпен қа­рау­ды, бас­­­қалардың жұмысына орынсыз ара­­лас­­пауды, басқа да мәселелер бойынша қа­таң талап етуі соның дәлелі бола алады.

Қонекеңді тұрған тұрысымен тәртіп жөнін­­­­­­­­дегі заңдардың жиынтығы деуге болар еді. Жалпы Қонекең тәрбиесін алып өскен, қыз­­­­­мет­тес болған кадрлар облыс көлемінде көп­теп саналады. Мысалы, Сейілбек Шау­ха­ма­­­­нов, Қозытай Әбуов, Сәмит Далдабаев, Ермахаш Тұрабаев, Мақсұт Әбдіразақов, Сейітнәби Мұқашев, Ұзақ Еспанов, Шыңғыс Айбосынов, Сақы Қалыбаев, Жарқан Момбаев, Өмірзақ Тұңғышбаев ағаларымыздың әр қай­­­­­сысын елдің бір-бір тұлғалары деуге болады.

Біз ауылшаруашылық басқармасында жұ­мыс жасап жүргенде ылғи жас жігіттер бол­дық. Әмірбек Тошпенбетов ағамыз марқұм инс­титутты үздік бітіріп келген соң бір-екі жылдан кейін басқарманың бас агрономы болды. Жүріс-тұрысы, шляпасын киіп тұр­ғаны Қонекең ағаға ұқсайтын. Сонда зоо­техник Қосжанов Қайыпназар қалжыңдап Әмірбекке айтатын, сен Қонекеңе ұқсайсың, кейін бірінші хатшы боласың, исполкомды ма­ған бермейсің ғой, Батырбекке бересің, ал маған Өмекеңнің орнын берерсің» деп. Ол марқұм Қонекең ағаның жүрісін салатын.

Уақыт бәріне төреші, біз де өсіп, қызмет жасап, сол Мақаң, Сейілбек ағаларымыз отырған орындарға отырғанымызда күніне сол кісілерді ойлап, шүкіршілік етіп жүрдік. Ағалардан алған өнеге, сол кісілердің мекте­бінен өткен біздерге қызмет істеу әрине оңай болған жоқ. Десе де көргеннің аты көрген. Олардан үйренгенімізді шама-шарқымызша пай­даландық. Кемшілігіміз­ де болған шы­ғар. Азды-көпті елге жақсы қызмет жасасақ, оны Қоне­кең бастаған ағаларымыз­дың сілтеген жо­лы деп түсінемін.

«Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады» демекші текті тұлғаның ұлы Ғанибек Қазантаевпен де жұмыс істедім. Ол Сыр­дария­ ауданын абыроймен басқарды, кейін Қызылорда қаласының әкімі болды. Ғанекең­нің де болмысынан әкесінің қайрат­керлігін көруге болады. Турасын айтады, тік мінезі және бар. Әр істің ретін біледі, жөні мен жолынан жаңылмайды. Меніңше, Ғ.Қазантаев Сырдарияны басқарған жылдар аудан халқының есінде шығар деп ойлаймын. Екі рет «Үздік аудан», екі рет «Озат аудан» атанып, Сырдария үздіктер көшін бас­тады. Аудандық бюджет есебінен тұңғыш рет ғима­рат­тар салынды. Республикада бірінші болып Қоғамдық кеңес құрылып, ол кейін өзге өңірлерге үлгі етілді. Мұның бәрі аудан халқымен, ардагерлермен. мәслихат депутаттарымен, бөлім, мекеме басшыларымен бірге атқарылған жұмыс­тардың бір бөлігі ғана. Әйтпесе, ауыз толты­рып айтарлықтай жақсы жаңалықтар көп. Мәселен, көпір салу, мешіт салу жұмыс­тарын үлгі етуге болады.

Біз Қ.Қазантаевтың 100 жылдығына орай облыс аудандарында ұйымдастырылып жат­қан іс-шараларға бір топ ардагерлер бірге қа­ты­­­су­­дамыз. Барлығы жоғары дең­гей­­­­де өтуде. Бұл келешек ұрпаққа қажет­­­. Сондықтан Қонекеңді ұмыт­пайтын, ұлықтайтын ел-жұрт­­қа шынайы риза­шылығымды білдіремін.


Батырбек Маншарипов,
Сырдария және Жалағаш аудандарының Құрметті азаматы

16 қыркүйек 2023 ж. 174 0