Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда YouTube Premium қашан қолжетімді болады

Қазақстанда YouTube Premium қашан қолжетімді болады

Қазақстандықтар үшін YouTube Premium қолжетімді болуы мәселесі жыл соңына дейін шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен АҚШ-та болған кезде You Tube-тың вице-президентімен сөйлестім. Біз келістік. Олар жыл соңына дейін бұл жаңартуды өткіземіз деп уәде берді», - деп жауап берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазір соңғы жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Мен You Tube басшылығымен хат алыстым. Олар маған аймақ ретінде бөлек ұйымдастыру мүмкін емес екенін айтты, қазір пакет әзірлеп жатыр. Біз күтуіміз керек. Жылдың соңына дейін уақыт бар. Менің ойымша, You Tube уәдесін орындайды», - дейді ведомство басшысы.

Одан бөлек, ведомство басшысы қолданушы ретінде YouTube Premium қолжетімді болғанын өзі де күтіп жүргенін тілге тиек етті.

Фото: kaz.caravan.kz
13 қыркүйек 2023 ж. 258 0