Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада «ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені іске қосылуда

Қызылордада «ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені іске қосылуда

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

«ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқықбұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады. 

Бүгінгі таңда «ZEREK-2» Шымкент – Қызылорда автожолдарында, «Самара - Шымкент»  жолының 1826/440 шақырымындағы қаланың оңтүстікке шыға берісінде, «Самара - Шымкент»  жолының 1913/353 шақырымындағы Бәйгеқұм ауылының тұсында, «Самара - Шымкент» тас жолының 1958/308 шақырымындағы Сунақ ата ауылының тұсына қойылды. 

Биылғы жылдың жеті айында облыс көлемінде 261жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 58 адам қаза тауып, 330 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. 

Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап «ZEREK-2» кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады. 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.
24 тамыз 2023 ж. 342 0