Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

Қызылорда облысында Шымкент-Самара тас жолында соқтығысқан жолаушылар автобусының бір жолаушысы, сондай-ақ жеңіл көліктің жүргізуші де қаза тапты, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысы ПД мәліметінше, 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
16 шілде 2023 ж. 407 0