Қазақстанда мерекелердің жаңа тізімі бекітілді
Үкімет 27 шілде күні шығарған қаулы бойынша мереке күндерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
»Қазақстан Республикасындағы мереке күндерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі осы қаулыға сәйкес жазылсын», — делінген үкімет қаулысында.
Қосымшаға сәйкес жаңа тізімде 19 мереке бар:
1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні — 15 ақпан;
2. Алғыс айту күні — 1 наурыз;
3. Аналар күні — мамырдың екінші жексенбісі;
4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні — 4 маусым;
6. Әкелер күні — маусымның үшінші жексенбісі;
7. Ұлттық домбыра күні — шілденің бірінші жексенбісі;
8. Абай күні — 10 тамыз;
9. Спорт күні — тамыз айының үшінші жексенбісі;
10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні — 29 тамыз;
11. Білім күні — 1 қыркүйек;
12. Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;
13. Қазақстан халқының тілдері күні — 5 қыркүйек;
14. Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
15. Қарттар күні — 1 қазан;
16. Нан күні — 16 қазан;
17. Энергияны үнемдеу күні — 11 қараша;
18. Ұлттық валюта күні — теңге — 15 қараша;
19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсан.
Фото: ашық дереккөзден