Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Фитосанитариялық есепке алу және есептілік» міндетті заң талаптары

«Фитосанитариялық есепке алу және есептілік» міндетті заң талаптары

ҚР 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен ҚР аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.

Осы аталған Заңның 13 бап 1–тармақшасы және 14-5-бабының 3 тармақшасына сай қызметі фитосанитариялық бақылау обьектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге міндетті деп көрсетілген. Яғни аудан көлеміндегі барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өз ауыл шаруашылығы егістіктеріне пайдаланылған уля химикаттардың есебін ҚР АШМ «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 29.06.2015 жылғы №15-02/584 бұйрығының қосымша нысандарын басшылыққа алып, фитосанитариялық есептілікті ай сайынғы (наурыз, қыркүйек айлары), жартыжылдық және жылдық кезеңділікпен аудандық аумақтық инспекцияға тұрақты тапсырылып отырылуы тиіс. Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақытылы ұсынбау жеке және лауазымды тұлғалар мен шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субьектілерін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің403-бап,1тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Осы Заңның шеңберінде ҚР АШМ АӨК МИК Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы улы химикаттардың адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз пайдаланылуына, ауыл шаруашылығы егістіктерінің зиянды организмдеріне қарсы іс-шаралардың уақытында әрі сапалы жүргізілуіне және фитосанитариялық есептіліктің жүргізілуі мен табыс етілуіне ұдайы бақылау жасап отырады.

Е.Асқарбекұлы,
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы,
өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі инспекторы
28 қазан 2022 ж. 234 0