Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Таңдауың қандай, жас түлек?

Таңдауың қандай, жас түлек?

Бүгінде әлемдік трендте жүрген мамандықтар қата­ры жеткілікті. Ескі мамандықтар атласы заман көшінен тысқары қалып, жаңа жұмыс түр­лері қаулап шы­ғуда. Негізінен, ма­мандық таңдау­да жас түлек қарым-қабілетіне көңіл бөл­гені дұрыс. Әрине, болашақ мамандық­ты таң­дау арқылы адамның келешегі қалыптасады. Сон­дықтан әрбір мектеп бітіруші жас түлек қателікке жол бермегені жақсы.

Расында, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан кез келген жастың ма­ман­дық таңдауына отбасылық фактор әсер етеді. Ата-ананың нұсқауымен жас­­тардың көпшілігі өзі қаламаған ма­мандықтың құрсауына түсетіні жасырын емес. Қазіргі уақытта жастар арасында техникалық мамандықтарға қызығушылық басым. Сонымен бірге медицина, педагогика, ақпараттық технология секілді бірнеше мамандықты таңдауға әуес жастар арасында жұ­мыссыздық деңгейі басым. Ең алдымен, жас түлек мамандықты таңдау барысында жұмыс көзі табылатын, күнкөрісті қанағаттандыра алатын ма­мандықты игеруге бейімделуі керек. Сонда ғана оның алған білімі мен жинақтаған тәжірибесі көпшілік арасында сұранысқа ие болады. Әрине, кез келген мамандықты сұраныс көзі­не айналдыру үшін кәсіби біліктілікті жоғарылату – маңызды рөл ойнайды.

Өз кезегінде жас түлектер мемлекет есебінен оқуды жөн санайды. Расында, мемлекеттік грант иегері атану ата-ана үшін үлкен көмек. Өз ке­зегінде болашақ мамандар үшін бөлінетін гранттар санын саралап көр­генді дұрыс санадық. 2023 жылғы тестілеу жүйесіне біраз өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер еңгізілді. Ағымдағы жылға Қазақстандықтарға 88 мың грант берілді. Грантқа түсуге болатын ең көп балл – 140. Ең төменгі өту балы – 50 балл. «Педагогика» мамандықтарына оқуға түсу үшін кем дегенде 75 балл болу керек. Білім беру бағдарламаларына байланыс­ты әр университет өзінің өту балын бел­гілеген. Әрине, 88 мың грантқа қол жеткізген студенттерден бөлек, ақылы негізде оқитындар баршылық. Олардың өзі қалаған мамандықтарына түсті деген ұғым қате болуы ықтимал.

Жылына мыңдаған маманның дип­ломы сандық түбінде жатқаны қын­жылтады. Көбі құрылысшы, жүк кө­теруші, сатушы, даяршы секілді жұ­мыс­тардың жетегіне түседі.

Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Айжан Рамазан болашақта таңдайтын ма­мандығына байланысты өз пікірін білдірді.

– Менің ата-анам өзімнің кез келген таңдауыма барлық жағынан қолдау көрсетуде. Мамандық таңдауда бастауыш сыныптан бастап, математика пәндеріне қызығушылығым бар екенің түсіндім. Нақтырақ айтсам, өзімнің ма­мандығымды таңдауда негіз болған ата-әжем. Мен сол кісілер секілді жан-жағын шабыттандыратын білікті педагог болып, шәкірт тәрбиелеуге өз алдыма мақсат етіп қойдым. Мектептегі өзін-өзі басқару секілді іс-шараларда мен өз бойымда тек математика-фи­зика пәндері бойынша ғана емес, сонымен қатар адамдармен тез тіл табысу, оқушылармен жұмыс жасай бі­лу, педагогтік қабілеттер бар екенін түсіндім. Алдағы уақытта ұстаздық ма­мандықты меңгеріп, балаларды білім нә­рімен сусындатқым келеді. Расында, ұлық мамандықты игеріп, ұстаздарым секілді адалынан халық баласын оқыт­қым келеді, – деді жас түлек.

«Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» деген тәмсіл бар. Ендеше, жас түлектер өмірі үшін маңызды мамандықты таңдай біліп, кә­сіби маман иесі атанудың қыр-сырын игерсе деген тілек бар.

Меруерт ӘБСАДЫҚОВА,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университеті
журналистика факультетінің
1-курс студенті

10 маусым 2023 ж. 216 0