Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Денсаулық – зор байлық. Ал оның сау болуы ең бірінші кезекте дене белсенділігіне және дұрыс тамақтануға байланысты. «Ас – адамның арқауы» деген. Расында да жеген тамақ сапалы болса, денеге қуат беріп, дертіңе шипа сыйлайды. Ал зиянды тағамдар керісінше жан саулығына зардабын тигізуі мүмкін.

Осы ретте көпшіліктің денсаулық жағдайын қалыпты болуын мақсат еткен мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы акция, дөңгелек үстел өткізуде. Дұрыс тамақтану онкүндігі аясында Сырдария аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-нің Жастар денсаулығы орталығы бөлімінің мамандары және Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Жалын» сауықтыру лагерінде арнайы мамандармен кездесу өтті.

Акция барысында адам денсаулығының негізі мықты болуы оның тамақтануына байланысты, қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер ететіні айтылды. Дөңгелек үстел барысында дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты адам организмінің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар екендігі ескертілді.

Жиын соңында тынығушыларға дұрыс тамақтанудың ережелері жөнінде ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
09 маусым 2023 ж. 335 0