Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жолға қатысты ырым-тыйымдар

Жолға қатысты ырым-тыйымдар

Әр халықтың дәстүр-салты мен діни наным-сеніміне байланысты ырым-тыйымдары бар. Оқырман назарына қазақ халқындағы жолға қатысты тыйымдарды ұсынуды жөн көрдік.

  • Жолға шыққан жолаушы өзімен бірге сары май, тұз алып шықпайды. Мұның мәнісі - жолымда сарғайып, зарықпайын, тұздай ашты азап тартпайын деп ниет еткені.
  • Ұзақ жолға түстен кейін аттанбайды, түнде сапар бастамайды.
  • Жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынады. Жолға күл төккеннің жолы кесіледі, осы жолмен жүргендерге дерт жабысады деп сенген.
  • Келе жатқан көш жолын немесе керуен жолын кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Себебі көштің немесе керуеннің жолы кесіледі деседі.
  • Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды.
  • Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
  • Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Мұны астамшылдық немесе күпірлік деп санайды.
  • Жұма күні көшуге болмайды. Жұма - қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді деген ырым бар.
  • Алыс жолға шыққанда жолаушылар қара шаңырақтан, яғни үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады. 
08 маусым 2023 ж. 239 0