Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үшемдер бақыт құшағында

Үшемдер бақыт құшағында

Осыдан тура 1 жыл бұрын Қалжан ахун ауылындағы Қиясовтар отбасында ерекше қуаныш орын алғаны ел есінде. Ақ түйенің қарны жарылып, жас отбасының отанасы Эльвира Әбдіғаппарова үшемді дүниеге әкелген болатын.

Заматында көпбалалы отбасыға айналған Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарова көпбалалы отбасы атанды. Бұған дейін 5 перзентіне тәрбие беріп келе жатқан ерлі-зайыпты Нұрлыбек, Әділхан, Айсұлтан есімді қамшыұстардың ата-анасы болды. Өткен айда кішкентай балғындар 1 жасқа толды. Бүгінде балаларын қарау үшін Эльвира Әбдіғаппарованың жанына арнайы көмекші бекітілген. Он жыл бұрын отау құрған отбасының үлкен ұлы 9 жаста. Ал, 6 ұл мен 2 қыздың әкесі Бақытбек Қиясов ауылдағы «БАҚ» шаруашылығында жұмыс істейді.

– Өткен жылы шаңырағымызда айрықша қуаныш орын алған кезде құттықтаушылар қатары аз болмады. Барлығы қуанышымызға ортақтасты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы балаларға арналған арбаны сый етсе, сол кездегі аудан әкімі Мұрат Ергешбаев­ газ плитасын тарту етті. Негізі, барлық жанұялардай, біздің отбасымыздың сәні де, мәні де көзқуанышымыз балаларымыз. Олардың әрбір қуанғаны, бақытты ғұмыр кешкені, аман өскені біз үшін маңызды. Сондықтан ата-ана ретінде олардың барлық жағдайын жасауға міндеттіміз. Мемлекет тарапынан жәрдемақы тағайындалып, барынша жағдай жасалып келеді. Әрине, көзге көрінген балапандарымыздың өз несібесі бар, – дейді көпбалалы ана.

Ендеше, «1 маусым – Балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!


Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 мамыр 2023 ж. 246 0