Аудан әкімі үшемді құттықтауға арнайы барды

Аудан басшысы үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сәбилердің туу туралы куәлігін және сый-сияпаттарды тарту етті.
Сәуір айының жиырма екісі күні дүниеге Эльвира Әбдіғаппарова Нұрлыбек, Айсұлтан, Әділхан атты үшем әкелген болатын. Эльвира жұбайы Бақытбекпен бұған дейін отбасында 5 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 8 баланың ата-анасы атанды.
Үшемнің анасының айтуынша, Нұрлыбек есімді сәбиін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құрметіне қойған.
Айта кетейік, жыл басынан бері Сырдария ауданында 260 сәби өмірге келген. Оның ішінде 2-і егіз, 1-үшем.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.