Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кілті табысталды

Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кілті табысталды

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 8 баспананың кілтін көпбалалы отбасыға табыс етті. Бүгін Айдарлы, Аманкелді, Бесарық ауылдық округінде болған аудан басшысы мереке қарсаңындағы зор қуаныштың куәсі болып, тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтады.

– Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасылар үшін мемлекетімізде тиісті жағдайлар жасалғаны белгілі. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл қуаныш аналарға көрсетілген мемлекеттік көмек. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке, амандық тілеймін! – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Мереке қарсаңында қуанышы еселенген жанның бірі – Света Бажиева. 6 перзентті дүниеге әкелген жас ана 2013 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болғанына өз ризашылығын білдірді.

– Жыл аяғында мен үшін қос мереке қатар келіп, үлкен қуанышқа кенеліп отырмын. Жаңа жылды жанұямызбен жаңа баспанада қарсы алатыныма бақыттымын. Көпбалалы аналарған көрсетілген мемлекеттің көмегі үшін аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарын жүргізген сала мамандарына үлкен алғысымды білдіремін, – деді қуаныш иесі.

Еске сала кетейік аталған мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға қарасты 11 елді мекенде 33 тұрғын үй салынды. Мемлекеттік бағдарлама игілігін тұрғын үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен, көпбалалы аналар көреді деп жоспарлануда.

31 желтоқсан 2021 ж. 578 0