Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көлік салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады

Көлік салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады.

Хабарлама отыз күнде орындалмаса салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтарымен берешекті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі», деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.

14 мыңға жуық адам көлік салығын әлі төлемей жүр.

Айта кетейік, салықты e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе мемлекеттік кірістер комитетінің www. kgd.gov.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.
24 мамыр 2023 ж. 282 0