Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 миллиард теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр. Еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу құрметіне ҰОС ардагерлеріне кемінде 1,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген.

"Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 60 106 басқа да азамат тұрады. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 78 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 175 адам; ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 2 413 адам; ҰОС – да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 4 адам; тыл еңбеккерлері – 57 436 адам", - делінген хабарламада.

ҰОС кезінде майданға 1 миллион 200 мыңнан аса қазақстандық шақырылды, 20-дан аса атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылған.

"Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
  • ҰОС қатысушылары үшін – 220 754 теңге (161 адам);

  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 229 286 теңге (61 адам);

  • басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т.б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері үшін – 215 201 теңге (25 752 адам);

  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 182 782 теңге (3 648 адам);

  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 140 838 теңге (14 424 адам);

  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 148 892 теңге (57 436 адам).
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді: тұрғын үйді жөндеу (20,4 миллион теңгеге 114 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (179,3 миллион теңгеге 3 384 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (116,8 миллион теңгеге 6 463 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (56,4 миллион теңгеге 4 826 адам), тіс протездеу (22 миллион теңгеге 239 адам), азық-түлік топтамасы (81,3 миллион теңгеге 8 097 адам) және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері.

Фото ©️ Tengrinews.kz /Әлихан Сариев
05 мамыр 2023 ж. 201 0