Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі
Сыбайлас жемқорлық – Тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Тек Қазақстан емес, бұл індет әлемнің қай-қайсы елінде болса, сол елдің қасірет шегері хақ.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Жемқорлықпен күрестегі бейқамдық пен әрекетсіздік халық наразылығын тудырушы маңызды факторлар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, қоғамға мүлде пайда әкелмейтінін естен шығармағанымыз абзал. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы күрес әлемнің әр түкпірінде әртүрлі деңгейде жүргізіліп отыр. Онымен күресте әр мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдері ерекше болып келеді.
Осыған орай, елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жасап жатқан барша ұйым, мекеме жұмысына жаңа серпін беру қажет.
Сыбайластықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлық түсінігін, оның қоғамға тигізер зардабын, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру жолында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде білім беру мекемелері, ең алдымен мектептер және мектепке дейінгі мекемелер кіреді.
Қорыта келгенде, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат пен азаматша түсінуі тиіс. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы қажет.
И.Сәрсен,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы