Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайдарман – жастар алаңы

Жайдарман – жастар алаңы

Аудандық мәдениет үйінде жайдарманның облыстық кезеңіне іріктеу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өз ойын анық әрі нақты жеткізуге, ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.


Облыстық жайдарман сайысына Н.Ілиясов, Аманкелді, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған, Бесарық ауылдары мен кент орталығынан 35,36,131,210 мектеп лицей құрама командалары қатысып, нәтижесінде 210 мектеп құрамасы жайдарман тобы облыстық кезеңге жолдама алды.


Аталған сайыста облыстық жайдарман филиалының әкімгері Руслан Байбуланов, редакторлар - Темірхан Әшірбеков пен Елдос Қадырханов және жайдарман жанашырлары Оралов Ғани мен Абай Мейрамбеков қазылық етті.
02 сәуір 2023 ж. 206 0