Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саяси реформаның маңызы зор

Саяси реформаның маңызы зор

Елдігімізді айшықтайтын саяси реформалардың жемісті болуы маңызды рөлге ие. Кешегі сайлауда елдік мүддені жоғары қойған азаматтар мандат иеленді деп ойлаймыз. Жа­ңа Қазақстанды құру жолында саяси білімі жетік өз ісінің ше­берлері барын салатынына сенім мол.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Пар­ламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде еліміз­дің дамуына айрықша серпін беретін бірнеше мәселені көтерді. Оның қатарында елдің әлеуетін арттыруға қатысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осал топтағы адамдарды қолдау бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын дамытуға байланысты нақты тұжырымдарды мысал ретінде келтірді. Оның ішінде, әлеуметтік сала мен кәсіпкерлерді қолдау бағытын айқындай түсті. Сонымен бірге қазба байлықты тиімді және үнемі пайдалану жөнінде өз ойын ортаға салды. Әрине, біз Президент көтерген әрбір мәселенің шеші­луіне қолдау көрсетеміз. Түптеп келгенде, әрбір мәселенің уақытылы шешімін табуы маңызды. Бұл тұрғыда ел сенімін арқалаған депутаттар қажырлы еңбек ететініне сеніп, жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Сталбек Тобағұлов,
еңбек ардагері
01 сәуір 2023 ж. 251 0