Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары

Бұл ретте, 11 жағдайда инфекция мына елдерден келгендерде тіркелді: Түркия – 5, Мысыр – 3, Тәжікстан – 2, Қырғызстан – 1.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында барлығы 31 414 профилактикалық егуден бас тарту тіркелді, оның ішінде 2022 жылы 7 145 бас тарту тіркелді, олардың арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының арқасында 2 043 адам егілді. Бас тартудың ең көп саны 1 жасқа дейінгі балаларға тиесілі – 21 052 (67%). 1-2 жас тобындағы балалар арасында – 5 034 бас тарту (16%), 3-5 жас – 2 993 (9,5%), 6-15 жас – 1 963 (6,2%), 16 жастан асқан – 372 (1,2%) тіркелді.
Қазіргі уақытта қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы