Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Шошқа» және «гонконг» тұмауы тіркелген

«Шошқа» және «гонконг» тұмауы тіркелген

Солтүстік Қазақстан облысында суық тиіп науқастанғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Отбасымен ауырып жатқандар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Эпидемиологиялық маусым басталған 1 қазаннан бері ауырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.Облыс аумағында тұмау өршіген. Өңірде В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды.«Симптомдары да, емдеу жолдары да бірдей. Бұрындары тұмау қаңтар-ақпан айларында, яғни Жаңа жылдан кейін тіркелетін. Биыл ерте басталды. Отбасымен ауырып жатқандар бар. Өйткені, тұмау болсын, жедел-респираторлық вирустық инфекция болсын ауа тамшылары арқылы, тұрмыстық затпен таралады. Сондықтан, бір бөлмеде, бір пәтерде тұрғандықтан жұқтырмау мүмкін емес», – дейді Әсет Жұматаев.

Ауырғандардың 49-ы жүкті әйел болса, 78-і бала, соның ішінде 44 оқушы және 8 балабақша тәрбиеленушісі бар. Тұмауды жұқтырғандардың жартысына жуығы – Петропавл тұрғындары.

Сурет El.kz сайтынан алынды
01 қаңтар 2023 ж. 415 0