Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әркез жақсы істің басы-қасынан табыламыз

Әркез жақсы істің басы-қасынан табыламыз

Асылында, адам еңбекпен есейеді. Қай қызметте болмасын ел мүддесін жоғары қоятын азаматтар арамызда баршылық. Соның бірі – Жұмабек Ембергенов. Бүгінде халықпен тығыз байланыс орнатып, еңбегімен көпшілік арасынан суырылып шыққан Жұмабек Ембергенов жақында сайлауда бақ сынады.

Тақымын қысқан ел-халықтың үмітін ақтау үшін әрбір ауылдың тұрғындарымен жеке-жеке кездескенін көзіміз көрді. 17 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы көңілге қонымды. 19 наурыздағы сайлаудың нәтижесінде облыстық мәслихат депутаты атанған Жұмабек Әшімұлы ендігі кезекте ауданымыздың мәселесін жоғары деңгейде көтеретін болады.

Әрине, бұрыннан ата-анасын, отбасы мүшелерін жақсы танимыз. Тәрбиелі, өнегелі отбасынан шыққан, өзі көп балалы әке ретінде қоғамға белгілі азаматты әркез қолдаймыз. Әркез жақсы істің басы-қасынан табыламыз.

Мектепхан ЕЛЕУСІНОВ,
еңбек ардагері
25 наурыз 2023 ж. 309 0