Қос мереке қабат келді

Кестелі шапан киген замандастарым жастарға ақжарма батасын беріп, ұлық мерекенің тарихын айтып беруге тырысты. Салт-дәстүріміз жаңғырып, ақ жаулықты аналар әдет-ғұрыпты жан-жақты көрсете білді. Бала кезімізден тойланып келе жатқан Наурыз мерекесінің мән-мағынасы жоғары. Қай кезде де барлық атаулы күннен ұлттық мерекені жоғары қойғанымыз жөн.
Ардақты ағайынның көптен күткен Рамазан айы биыл Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Қасиетті айда барлық жамандық атаулыдан тыйылып, жақсылық жасауға асыққан абзал. Бұл ай – мейірім мен кешірім айы. Ынтымақ пен береке жарасатын мерекеде қасиетті айдың басталуы ерекше қуаныш. Сондықтан Аллаға құлшылық еткен әрбір мұсылманның ұстаған Оразасы қабыл болсын!
Аманкелді СМАТОВ,
еңбек ардагері