Бассейнге барар алдын нені білу керек?
Алдымыз жаз. Жаз – демалудың және уақытты алаңсыз өткізу үшін тамаша уақыт. Әсіресе, бассейнге барушылар көбейеді. Бірақ денсаулық мәселесі шарықтап тұрған заманда кісі көп болатын жерлерде белгілі бір тәртіпт ұстанған жөн.
Гигиеналық стандарттарға көз жеткізіңіз
Өзіңіз таңдаған бассейнге бармас бұрын, нақты неге назар аудару керек екенін түсіну үшін санитарлық қызметтердің талаптарын қарастыру керек. Сондай-ақ, барлық мекемелерде белгіленген ережелер бар, олармен алдымен танысу керек. Сізден бассейнге барар алдын денсаулық туралы анықтама сұралады.
Бастысы – жеке гигиена
Бассейнге барар алдында жеке гигиена құралдарын алып душ қабылдау керек. Душтан кейін дене бактериялардан тазарып, бассейнге түсу қауіпсізденеді. Суға түсерде күннен қорғайтын кремді ғана қолдану керек, сонымен қатар суда кремнің тиімді қорғанысы төмендейтінін ұмытпау керек.
Бассейннің аумағына көшедегі аяқ киіммен кірудің қажеті жоқ, ауыстыратын аяқ киім ала барыңыз. Бассейннің қоғамдық орын екенін ұмытпаңыз, сондықтан демалатын орындықтар үнемі тазаланатынына қарамастан, оны қолданар алдында жайма немесе сүлгі жайған жөн.
Бассейнге барғаннан кейін сіз душ қабылдауыңыз керек және теріңізге денеңізге қажет крем немесе басқа өнімдерді қолдануыңыз. Бірақ егер сіз әртүрлі емдік майларды қолдансаңыз, онда бассейнге барудан бас тартуға немесе судың сіз қолданатын өніммен үйлесімділігін маманмен тексеруге тура келеді.
Ковидке қатысты сақтық шаралары
Бассейндердегі су вирустар мен бактерияларға зиян келтіретін құралдармен дезинфекцияланады, бірақ соған қарамастан, әрбір келуші инфекция қаупін азайту үшін дербес шаралар қабылдауы керек.
Ең бастысы, бассейнге іргелес аумақта да, мысалы, шезлонгтары немесе орындықтарда басқа келушілермен тікелей байланыста болмау керек, судың өзінде де әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн. Және, әрине, күннің максималды белсенділігі кезеңінде, яғни сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін күнге күйіп, суға түсуден аулақ болған жөн.